Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Көз тиетіндей емес, қылықтары ерсі»: көпшілік Айгүл Иманбаеваның күйеуін сынап тастады

    «Көз тиетіндей емес, қылықтары ерсі»: көпшілік Айгүл Иманбаеваның күйеуін сынап тастады

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өзінің Instagram парақшасында Лос-Анджелес көшелерінде күйеуімен серуендеген сәтінен бейнежазба жариялады. Өнер иесі АҚШ-тағы күнделікті өмірінің бір сәтін көрсетіп, жазбасын ағылшын тілінде қалдырған,деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жарияланған сәттен бастап-ақ бейнематериал желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Көпшілік Айгүлге шынайы тілектерін білдіріп, оны бақытты өмірімен құттықтады.
    Пікірлер арасында:

    • «Бақытты болыңыздар!»
    • «Айгүл – өте көрікті, ақылына көркі сай әйел»
    • «Махаббаттарыңыз баянды болсын!»
      сияқты жағымды лебіздер болды.

    Дегенмен, оң пікірлермен қатар, сын айтушылар да табылды. Кейбір қолданушылар Айгүл Иманбаеваның жарының келбеті мен жүріс-тұрысына қатысты теріс пікір қалдырған.
    Мысалы:

    • «Америкадан тапқан жарыңыз ұнамады. Уақытша қарым-қатынас сияқты»
    • «Күйеуіңіздің түрі де, қылығы да жат көрінеді»
    • «Бұлай ел алдына жиі шығу – жастық шаққа жарасар, сізге емес»

    Жекелеген қолданушылар әншінің ағылшын тілінде жазған жазбасына көңілдері толмай, оны «өзін көрсетуге құмар» деп бағалады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →