Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 453,6↑€ 506,3↓₽ 5,62↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі • Сенегалда юношелік Олимпиада басталды: Қазақстанды 18 спортшы қорғайды • Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі бойынша сот мән-жайды жариялады • Көкшетауда сот жүйесі қызметкерінің денесі табылды: екінші жағдай • Сэндвич қоспасы жеке өмір мен қарым-қатынас туралы не айтады • Түркістандағы дәмхана мұржасынан өрт шықты • Алматыда электр желісіндегі апатқа байланысты көлік қозғалысы шектеледі •

    Ресейдің Амур облысында ұшақ апатқа ұшырап, 49 адам қаза тапты (ВИДЕО)

    Ресейдің Амур облысында ұшақ апатқа ұшырап, 49 адам қаза тапты (ВИДЕО)

    Ресейдің Амур облысында Хабаровск – Благовещенск – Тында бағыты бойынша ұшқан Ан-24 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақтың бортында 49 адам болған: 43 жолаушы, оның ішінде 5 бала, және 6 экипаж мүшесі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесі Тында қаласына жақын маңда басқару нүктесінен өтпеген, сол сәттен бастап онымен байланыс үзілген.

    «Кейін ТЖМ-нің тікұшағы апат орнына жетіп, өртеніп жатқан ұшақтың фюзеляжын тапты», – деп хабарлады министрлік.

    Барлық жолаушы қаза тапты деген алдын ала ақпарат бар

    ТАСС агенттігінің мәліметінше, бортта болған барлық адамдар қаза тапқан. Бұл ақпарат әлі де нақтылану үстінде, алайда шұғыл қызмет өкілдері мұны алдын ала дерек ретінде хабарлап отыр.

    Апаттың ықтимал себебі – ұшақ қондырудағы қателік

    Оперативтік қызметтердің болжамынша, апатқа ұшақ қондыру кезінде экипаж тарапынан кеткен қателік, сондай-ақ нашар ауа райы мен көріну шектеулігі себеп болуы мүмкін.

    РБК дерегіне сүйенсек, апатқа ұшыраған ұшақ «Ангара» авиакомпаниясына тиесілі. Baza басылымы хабарлағандай, ұшақ алғашқы әрекеттен қона алмай, екінші айналымға кеткеннен кейін онымен байланыс үзілген.

    Авиакомпанияда тергеу басталды

    Апатқа байланысты «Ангара» авиакомпаниясында тергеу амалдары басталды. Құзырлы органдар оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →