Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Елдің 13 өңірінде аптап ыстық болады

    Елдің 13 өңірінде аптап ыстық болады

    Фото: Pixabay

    2025 жылғы 23 шілде, сәрсенбі күні Қазақстанда аптап ыстық, найзағайлы жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Синоптиктердің болжамы бойынша:

    Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады – найзағайлы жаңбыр жауады, солтүстікте күндіз бұршақ күтіледі. Елдің басқа өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

    Жел күшейіп, батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі.

    Күндіз аптап ыстық болатын өңірлер:

    • Маңғыстау облысы – +38…+40°C;
    • Батыс Қазақстан облысы – +35…+36°C;
    • Атырау облысы – +35…+39°C;
    • Жетісу облысы – +35…+37°C;
    • Алматы облысы – +35…+39°C;
    • Жамбыл облысы – +35…+39°C;
    • Түркістан облысы – +40…+42°C;
    • Қызылорда облысы – +40…+42°C;
    • Ұлытау облысы – +35…+38°C;
    • Қостанай облысының оңтүстігі – +35°C;
    • Ақтөбе облысы – +35°C.

    Өте қатты ыстық болжанып отырған өңірлер:

    • Алматы облысының батысы мен солтүстігі – +42°C дейін;
    • Ақтөбе облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы – +40°C дейін.

    Жоғары өрт қаупі:

    • ШҚО, Абай облысы;
    • Қостанай облысының батысы мен шығысы;
    • Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысы;
    • Қарағанды облысының солтүстігі мен орталығы;
    • Атырау облысының батысы;
    • Ақтөбе облысының солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысы;
    • Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысы;
    • Павлодар облысының батысы, оңтүстігі және шығысы.

    Төтенше өрт қаупі:

    • Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары;
    • Жетісу, Ұлытау, Жамбыл облыстары;
    • Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысы;
    • Қарағанды облысының батысы, оңтүстігі және шығысы;
    • Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстігі;
    • Батыс Қазақстан облысының орталығы мен шығысы;
    • Қостанай облысының оңтүстігі;
    • Абай облысының оңтүстігі мен солтүстік-батысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →