Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты •

    Аты аңызға айналған бапкер Карло Анчелотти Испанияда сотталып кетті

    Аты аңызға айналған бапкер Карло Анчелотти Испанияда сотталып кетті

    Фото: Instagram/mrancelotti

    Танымал италиялық футбол бапкері Карло Анчелотти Испанияның салық органдарына төлем жасамағаны үшін Мадрид провинциялық сотына келіп жауап берді. Айыптау оның «Реал Мадридтегі» 2013-2015 жылдар аралығындағы алғашқы қызмет кезеңіне қатысты, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Сот процесі басталар алдында Анчелотти жұбайы Марианн Баррена, ұлы және «Реал Мадридтің» көмекші бапкері Давиде Анчелоттимен бірге сот ғимаратына келді. Бапкер қысқа мәлімдеме жасап, өзінің кінәсіздігін мәлімдеді:

    «Мен келісімге келуге емес, айыптауларға жауап беруге және ақиқатты айтуға келдім», – деді ол.

    Испания прокурорларының мәліметі бойынша, Анчелотти мынандай мөлшерде салық төлемеген:

    • 2014 жылы – 386 361 еуро;
    • 2015 жылы – 675 718 еуро.

    Жалпы сомасы 1 062 079 еуро көлемінде салық төлемеген. Айыптаушы тарап Анчелоттиге қатысты 4 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруды, 3 186 237 еуро көлеміндегі айыппұлды, оның ішінде өсім мен мүлік тәркілеу арқылы өндіріп алуды талап етіп отыр.

    Карло Анчелотти өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, кінәсіздігін қорғап келеді.

    Айта кетейік, Испанияда бұған дейін Жозе Моуринью, Криштиану Роналду, Лионель Месси, Арда Тұран секілді футбол әлемінің танымал жұлдыздары да салықтан жалтарғаны үшін сот алдында жауап берген, бірақ олар кейін салық органдарымен келісімге келіп, айыппұл төлеу арқылы мәселені реттеген.

    Ақпарат көзі: azattyq-ruhy 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →