Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Алматыда жүргізуші бірнеше көлікті соғып, тротуардағы екі бозбаланы қағып кетті (ВИДЕО) • Жарақат алған Дастан Сәтпаев жанкүйерлерін қуантты • Президент Орталық Азия және Әзербайжан көшбасшыларының кездесуіне қатысады • Ақмоладағы құрылыс нысанында 44 шетелдік заңсыз жұмыс істеген • «Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа отбасына қатысты шындықты айтты •

    Маңғыстауда «LiveGood» қаржы пирамидасы 80 адамды алдап соққан

    Маңғыстауда «LiveGood» қаржы пирамидасы 80 адамды алдап соққан

    Фото: istockphoto.com

    Қаржылық мониторинг агенттігінің тергеу деректері бойынша, «LiveGood» компаниясы өзін дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сататын желілік маркетинг ретінде көрсеткен. Алайда, шын мәнінде бұл жүйе салымшыларды тарту арқылы тұрақты табыс уәде еткен, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қатысу үшін өнімді сатып алу міндетті болмаған. Табыс көлемі жаңа қатысушыларды жазылу арқылы тартуға тікелей байланысты болған. Жазылу құны – 50 АҚШ долларынан басталған. Нәтижесінде, 80-нен астам азамат бұл қаржы пирамидасының құрбанына айналды. Компания уәде еткен табыс орындалмаған, ал салынған қаржылар күдікті тұлға тарапынан иеленілген.

    Салымшылардан түскен қаражатты жасыру мақсатында күдікті криптовалюта биржасы арқылы заңсыз операциялар жүргізіп, ақшаны туыстарының есепшоттарына аударып отырған.

    Қылмыстық жолмен алынған қаржыға ол Ақтау қаласынан екі пәтер, Lexus автокөлігін сатып алған. Жалпы шығын – 43 миллион теңге.

    Соттың санкциясымен күдіктінің:

    • 132 миллион теңге көлеміндегі есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды;
    • Өз басына қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

    Аталған іс сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпараттар жария етілмейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →