Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды • Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан басшыларының VIII консультативтік кездесуіне қатысты • Шакираның Бишкектегі концертіне 28 елдің азаматтары билет алды • Абай мен Жетісу облыстарының ортасындағы жолдың сиқы осы: жөндеуге кім жауапты? • Түркістан облысында үшем дүниеге келді • Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: Олжас Бектенов «Қазақмыстың» инвестициялық жоспарларымен танысты • «Несие рәсімдеп жатыр»: СҚО-да зейнеткер алаяқтарға алданып, пәтерінен айырылып қалды •

    «Күйеуден құтылудың жолын тапқан»: өзгемен көңіл жалғастырған әйел күйеуін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған

    «Күйеуден құтылудың жолын тапқан»: өзгемен көңіл жалғастырған әйел күйеуін өлтіріп, мәйітін құдыққа тастаған
    INDIA-ATTACKS-EXECUTION

    Карнатака штатында Сумангала есімді әйел 50 жастағы күйеуі Шанкарамуртидің көзіне шөп салып жүрген. Ол Нагараджу есімді ер адаммен көңіл қосқан. Әйел күйеуі оның бақытына кедергі келтіріп жатыр деп ойлап, одан құтылуды ұйғарған. Қылмысты Сумангала көңілдесімен бірігіп жасаған. Оқиға кезінде Шанкарамурти үйде жалғыз болған.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел күйеуінің көзіне ұнтақталған чили бұрышын шашып, кейін таяқпен соққыға жыққан. Содан соң оның мойнын аяғымен басып тұншықтырған. Қылмысты жасаған соң, Сумангала мен Нагараджу ер адамның мәйітін қапқа салып, үйден 30 шақырым жердегі басқа біреудің фермасына апарған. Сол жерде олар құдық тауып, мәйіт салынған қапты соған тастаған.

    Бастапқыда полицияға Шанкарамуртидің жоғалғаны туралы хабарланған. Тергеу барысында полицейлер оның төсегінен чили ұнтағының қалдығын тапқан. Сумангала жауап алуға шақырылып, оның телефон қоңыраулары зерттеліп, Нагараджумен бірге қылмыс жасағаны әшкереленді. Қазіргі уақытта қылмыскерлердің қандай жаза алатыны белгісіз.

    Ақпарат көзі: Alash.kz ұлттық порталы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →