Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды

    «Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда»: Филармония директоры Наркенже Серікбаеваны сотқа берді (ВИДЕО)

    «Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда»: Филармония директоры Наркенже Серікбаеваны сотқа берді (ВИДЕО)

    Басшылық өз қызметін асыра пайдаланып, жеке шекарадан өтеді деген Наркенже Серікбаеваның әлеуметтік желідегі сыни жазбасынан кейінен филармония директоры Ғалымжан Ерназаров мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    «Кешегі әлеуметтік желіде тарап жатқан видео бойынша мен де өз жауабымды бергім келеді. Мен – отбасылы азаматпын, анам бар. Маған және отбасымның атына қара күйе жағылуда. Бұл мәселеде мені де заң қорғайды деп ойлаймын. Сотқа шағымдандым. Соттың шешімін күтейік. Содан кейін барлық әлеуметтік желілерде жария етеміз. Сіздер оның әлеуметтік желідегі парақшасынан көріп отырсыздар, бір күні Жезқазғанда, бір күні Қызылордада тойда жүреді. Ол мүлде жұмысқа келмейді. Біздің қателігіміз – жұмыста болмағаны үшін қызметінен босату керек болғанда да жанашырлық танытқанымыз еді», – деді Ғалымжан Ерназаров.

    Ғалымжан Ерназаров Наркенженің оның кәсіби біліктілігіне қатысты айтқанына төмендегідей үн қатты.

    «Мамандығым сәйкес болғандықтан және өнерге жанашыр болған соң, бұл қызметті атқарып отырмын. Шетелге іссапарлар ресми негізде жүзеге асады: елші хаты, басқарманың рұқсаты болады. Бұл қаражатты босқа шашу емес. Астана күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған іссапар», – деді директор.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →