Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты •

    Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның інісін пышақтаған (ВИДЕО)

    Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның інісін пышақтаған (ВИДЕО)

    Қайғылы оқиға 22 маусым күні кешкі сағат 20:30 шамасында “Millennium Park” тұрғын үй кешенінде болған. Пәтерден пышақталған қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат порталы.

    Алдын ала мәлімет бойынша, қызға бұрынғы жігіті шабуыл жасаған.

    Оқиға болар алдында көршілер пәтерден айқай-шу естіген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті өткен-кеткен адамдарға пышақпен шабуылдаған және марқұмның кішкентай інісін жаралаған. Жасөспірім жараланған күйі балалар алаңқайынан табылып, ауруханаға жеткізілді.

    Астана қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

    «Пәтерлерден пышақ жарақатын алған адам туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнынан зорлық белгілері бар қыздың мәйіті табылды. Сонымен қатар оның кәмелетке толмаған інісі пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →