Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Көкшетау-Зеренді тасжолында екі көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты

    Дүлей дауыл: Павлодар облысында таксидегі жолаушының кеудесін ағаш тесіп өтті

    Дүлей дауыл: Павлодар облысында таксидегі жолаушының кеудесін ағаш тесіп өтті

    Фото: видео скриншот

    Ақсу қаласында желден құлаған ағаш таксиде отырған жолаушының кеудесін тесіп өтті. Қатты жел шамамен бір сағат бойы соғып, ағаштарды тамырымен қопарып, электр сымдарын үзіп, бірқатар көлік құралдарына зақым келтірді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Ауа райының күрт өзгерісі тұрғындарды түрлі жерлерде — жолда, аулада, жағажайда — қапыда қалдырды. Ақсу қаласында жеңіл көлік ішінде отырған әйелге сынған ағаш бұтағы түскен. Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, шақырту сағат 17:29-да тіркелген. 1968 жылы туған әйелдің кеуде тұсына бұтақ қадалып, оқиға орнында көз жұмған.

    Куәгерлер түсірген бейнежазбаларда тұрғындардың жарақат алған әйелге алғашқы көмек көрсеткені байқалады. Тағы бір видеода қатты желдің салдарынан құлаған ағаштың көлікке соғылған сәті көрінеді.

    Төтенше жағдайлар департаменті жел екпіні кей жерлерде секундына 28 метрге дейін жеткенін хабарлады. Қазір өңірде келген залал көлемі анықталып жатыр.

    Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамдарын ескеріп, қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →