Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Эльбрус тауында 6 альпинист көз жұмды «Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты Алғабастағы апат: Асфальт астымен су ағып, жол опырылып түсуге сәл-ақ қалды «Футбол бизнестің құралы»: Ермұхамед Мәулен ащы шындықты айтты (ВИДЕО) «Баянның түсінігі мол»: экс-әйелімен татуласқан Тұрсын Алагөзов екі отбасымен бірге демалып жүр (ВИДЕО) Ағашқа соғылып, тірідей жанып кеткен адамдардың бәрі жасөспірімдер болып шықты (ФОТО) Эльбрус тауында 6 альпинист көз жұмды «Күйеуімсіз қыздармен де қыдырып көрмегем»: Жазира Байырбекова жеке өмірі туралы айтты

    Тоқаев: Біз әуел бастан ірі державалармен, соның ішінде көршілерімізбен теңгерімді саясат жүргізіп келеміз

    Тоқаев: Біз әуел бастан ірі державалармен, соның ішінде көршілерімізбен теңгерімді саясат жүргізіп келеміз

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қатарлық Al Jazeera телеарнасына эксклюзив сұхбат берді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Al Jazeera: Осы аптада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. Бұл — Қазақстанды әлемге танытатын іс-шараның бірі. Сіздің реформалар бағдарламасын жария еткеніңізге де 3 жыл болды. Өзіңіз уәде еткен жаңа Қазақстанға жете алдыңыздар ма? Қалай ойлайсыз?

    — Біз сенімді түрде алға қадам басып келеміз. Процесс жүріп жатыр. Дегенмен біз реформаларды қолға алғанда Қазақстанда ғана емес, әлемде көптеген оқиға орын алды.

    Al Jazeera: Атап айтқанда, коронавирус, Украинадағы соғыс…

    — Дұрыс айтасыз. Меніңше, бұл оңай дүние емес. Біз әділ әрі нақты іске ұмтылуымыз керек. Сонымен қатар өзгерістерді жүзеге асырғанда барлық жағынан батыл қимылдау қажет. Сондықтан күн тәртібіндегі тұрған мақсаттың бәріне қол жеткізу үшін барынша табанды әрекет еткен дұрыс. Иә, реформа жалғасып жатыр. Оның нәтижесі де жеткілікті.

    Al Jazeera: Сіздің елдің сыртқы саясатына назар аударайықшы, Қазақстан кейбір шетелдік серіктестермен қарым-қатынасын ой елегінен өткізіп, кейбір сауда қатынасын қайта қарап жатыр ма? Мәселен, қандай да бір ұлы державаға тәуелді, тым жақын болмауы үшін Орта дәліз жобасын жандандыру деген секілді…

    — Біріншіден, біз сыртқы саясатта қандай да бір реформа жүргізіп жатырмыз дей алмаймын. Өйткені, бұл — консервативті құбылыс. Алайда Қазақстаннан тысқары жерде орын алып жатқан жағдайларды да қаперде ұстау қажет. Қазақстан — Еуразиядағы, әсіресе Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің тірегі. Біз әуел бастан ірі державалармен, соның ішінде көршілерімізбен теңгерімді саясат жүргізіп келеміз және ұлттық мақсаттарымызды да ұмыт қалдырған емеспіз. Сондықтан сыртқы саясаттағы ұстанымымыз өзгерді демес едім.

    Орта дәліз туралы еске салғаныңыз да орынды. Себебі біз көлік қатынастарын әртараптандыруға басымдық береміз. Осы тұрғыдан алғанда, Транскаспий көлік бағдарының маңызы арта түседі. Өзіңіз білетіндей, біз «Бір белдеу, бір жол» бастамасын қолдаймыз. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2013 жылы бұл бастаманы Қазақстанның елордасында жария етуі де бекер емес.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →