Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,3 536,2 5,61
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қостанай облысында жастар мен еріктілердің экологиялық слеті өтуде Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады Қостанай облысында жастар мен еріктілердің экологиялық слеті өтуде Қазақстанда құрылыс материалдарын өндіру: 105 жоба 775 млрд теңге инвестиция тартады Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті болды Алматы мен облыста жаппай электр жарығы сөнді Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 464,02 теңгеге төмендеді «Емге де ақша берген»: Бетперде киген жігіт 16 жастағы қызға баспана сыйлады

    Қолтырауынға азық: Нигерияда суға батқан пароммен бірге 40-қа жуық кәсіпкер мерт болды

    Қолтырауынға азық: Нигерияда суға батқан пароммен бірге 40-қа жуық кәсіпкер мерт болды

    Нигерияның оңтүстік-батысындағы Нигер өзенінде жолаушылар паромы апатқа ұшырап, 37 адам қаза тапты. Оқиға Гбаджигбо ауданында болған. Паром артық салмқты көтере алмай, аударылып кеткен, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Билік өкілдерінің айтуынша, паром базардан үйіне қайтып бара жатқан саудагерлерді тасымалдаған. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиғаға кемеге шамадан тыс салмақ салу себеп болған.Бұл туралы Cable басылымы жазды.

    «Кеме апаты саудагерлер Гбаджигбо базарындағы жұмысын аяқтап, Нигер штатындағы үйіне бет алған кезде болды», — деп жазылған жергілікті билік өкілдерінің мәлімдемесінде.

    Апат болған жерде іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Борттағы адамдардың саны әзірге нақтыланбады, бірақ құтқарушылар қаза болғандардың бұдан да көп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

    Төтенше қызметтер мен еріктілер тірі қалғандар мен өлгендердің мәйіттерін іздеуді жалғастырып жатыр. Алайда Нигериядағы бұл өзеннен қаза болғандардың түгел табылуы екіталай.

     

    Жергілікті тұрғындар мәйіттердің қолтырауынның азығы болғанына сенімді. Батыс Африкадағы бұл өзеннің ұзындғы 4 мың шақырымнан асады және қолтырауындардың мекені саналады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →