Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Еуропа лигасы: бүгін ширек финал ойындары өтеді

    Еуропа лигасы: бүгін ширек финал ойындары өтеді

    Бүгін UEFA Еуропа лигасы ширек финалының қарымта кездесулері өтеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жарыстың аталған сатысындағы матчтар қазақстандық уақытпен 23:50-де басталады.

    Алдымен «Qazaqstan» телеарнасынан «Айнтрахт» (Германия) пен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) кездесуі көрсетіледі. Бірінші ойында 1:1 есебі тіркелді.

    Сондай-ақ дәл осы уақытта жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Лион» (Франция) ойынын тамашалай алады. Алғашқы кездесуде командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

    Ширек финалдағы тағы бір кездесуде испаниялық «Атлетик» пен шотландиялық «Глазго Рейнджерс» шеберлік байқасады. Алғашқы ойында олар 0:0 себімен тең түсті.

    Ширек финалдағы тағы бір ойын «Лацио» (Италия) мен «Бодо-Глимт» (Норвегия) арасында өтеді. Алғашқы кездесуде норвегиялық клуб 2:0 есебімен басым түсті.

    Еуропа лигасы ойындары 2009 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Былтыр Италияның «Аталанта» командасы аталған турнирдің жеңімпазы атанды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →