Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті • Атырауда ұлынан қорлық көрген қария сот алдында оқиғаны ұмытып қалды • Азия Пара ойындары: қоржынымыз тағы бір алтынмен толықты • Ақтөбе облысындағы шахтада 24 жастағы жұмысшы ажал құшты • Шекарадағы кептеліс қашан бітеді? Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәселе Мәжілісте көтерілді • Өзбекстанға өтетіндер көбеймек: «Жібек жолы» бекеті тәулігіне 70 мың адам қабылдайды • Бір орталық – төрт бағыт: «Қазақмыс» өндірісті цифрлық басқаруға көшті •

    Президент легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойды

    Президент легионерлерді бюджеттен қаржыландыруға тыйым салатын заңға қол қойды

    Фото: Ақорда

    Заң мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

    Заң мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған.

    Уәкілетті орган басым спорт түрлерінің республикалық және өңірлік тізбесін әзірлейді, жоғарғы жетістіктер спорты түрлерінің тізімін және оларды бюджет есебінен қаржыландыру тәртібін айқындайды.

    Басым спорт түрлері халықаралық аренада қол жеткізген нәтижелерге қарай бекітіледі. Бұл — Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия, Паразия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері, сондай-ақ ұлттық спорт түрлері.

    Спорт федерацияларын аккредиттеуге қатысты ережелер жетілдірілді. Енді олар ұлттық және жергілікті спорт федерациялары болып бөлінеді.

    Шетелдік легионерлерді бюджеттен және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

    Бұдан былай бюджет қаражаты тек төрт бағытқа: жоғары жетістіктер спортына, оның ішінде спорттың басым түрлеріне, мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметіне, бұқаралық спортқа, спорттық инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады.

    Заңға «спорттық даярлықтың ұлттық стандарттары» ұғымы енгізіледі. Соған сәйкес спортшыларды төл таным-түсінігімізге сай тәрбиелеп, олардың бойына дәстүрлі құндылықтарды сіңіруді көздейтін бірыңғай даярлау стандарты әзірленеді.

    Уәкілетті органға допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін шара қабылдау өкілеттілігі беріледі.

    Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →