Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды Нұрай Серікбай ісі: ағасы сот процесі әлі жалғасатынын айтты Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздады Махаббат тілі: жұлдыз белгілеріне қарай серіктесіңізді қалай түсінуге болады Сеутаға мигранттар ағыны қаупі: Испания шекарада әскери күштерін күшейтті Қарағандыда Mercedes теміржол өткелінде тоқтап, көмекпен шығарылды Жапонияда аниме тауарларына 4,3 млрд иендік тапсырыс беріп, алмаған әйел қамауға алынды Нұрай Серікбай ісі: ағасы сот процесі әлі жалғасатынын айтты Француз футболшысы Яэль Трепи бассейнде батып кете жаздады

    Назым Қызайбай жүрегін кімге арнады? (ФОТО)

    Назым Қызайбай жүрегін кімге арнады? (ФОТО)

    Кәсіби рингте өзін дәлелдеген, ал енді жанкүйер жүрегін жаулаған Назым Қызайбай тағы да ел назарында. Бұл жолы – спорттағы жетістігімен емес, шынайы мейірім мен табиғатқа деген сүйіспеншілігімен.

    Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Instagram-да жылқымен түскен суретін бөлісті. Фотоның астына тек жүрекшелер бейнеленген эмодзи ғана қалдырылған. Бірақ сол қарапайым белгінің артында көп мағына жатыр.

    Жылқы – қазақ үшін киелі жануар. Назымның бұл фотосы оның тек спортта емес, рухани жақтан да терең тұлға екенін көрсетеді.

    Боксшының жазбасы әлеуметтік желі қолданушыларынан қызу қолдау тапты. Қысқа уақыт ішінде суретке жүздеген жүрекше мен жылы пікірлер түсті. Көпшілік Назымның нәзік те, қайсар болмысын ерекше бағалағанын байқатты.

    Еске сала кетсек, 2025 жылы Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Назым Қызайбай алтын медаль жеңіп алды. Бұл – оның әлемдік аренадағы үшінші жеңісі. Осылайша, ол Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →