Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 451,4↑€ 507,3↑₽ 5,31↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды • Шымкент тұрғыны көлік нөмірін матамен жасырып, қамауға алынды • Теміртауда ата-анасын өлтірді деген күдікті ұсталды • Көкшетауда 4 жасар бала құрылыс алаңындағы ашық құдықтан қаза тапты • Қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына қаржылай көмек табысталды • Ақтауда балықтан уланған баланың қаза табуы: тергеу мәліметтері жарияланды • Павлодарда пойыз астында қалған 22 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды •

    Сүйіктісін іздеп келген: Италиядан арнайы Оралға келген шетелдікті қызы алдап кетті

    Сүйіктісін іздеп келген: Италиядан арнайы Оралға келген шетелдікті қызы алдап кетті

    Фото: ашық дереккөзден

    Италия азаматы Аджигирио Грацио Оралға интернет арқылы танысқан қызбен кездесуге келген. Алайда оны әуежайда қарсы аламын деген сүйіктісі сол қалпы келмеген. Ғашынығын іздеген италиялық «сері» полицейлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі ІІМ телеграм каналына сілтеме жасап.

    Махаббаты алдап кеткен италиялықты қалада кезекшілік жасап жүрген патрульдік полиция инспекторлары Руслан Мұқсанов пен Манарбек Сатқанқұлов байқап қалған. Қайырымды полицейлер алыстан аңсап жеткенде, ғашығын көре алмаған шетелдіктің мұңын тыңдаған.

    Жағдайды білген полиция қызметкерлері оған қамқорлық танытып, қажетті көмекті көрсетті. 64 жасында сыңарын іздеген италиялық алдағы күндері Италияға оралатынын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →