Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • «Таза Қазақстан»: Қазақмыс жұмыскерлері Жезқазғанда 5 мыңға жуық ағаш отырғызды • Абай университетінде көшпенділік мәдениетіне арналған халықаралық конференция өтті • Спорт, IT және ғылым: Нұрасыл Медеу KNUS пен Kairu-дың болашақ жоспарын айтты •

    Түркістанда 6 еркек 24 жастағы мүгедек жігітті 14 жыл зорлаған

    Түркістанда 6 еркек 24 жастағы мүгедек жігітті 14 жыл зорлаған

                                                              Жантүршігерлік қылмыс

    Оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер әлеуметтік желілерде тарады. Жәбірленушінің анасы бұл жағдайдың 2011 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтты. Қылмысқа күдікті ретінде 6 ер адам анықталды, олардың арасында кәмелет жасына толмағандар да бар.

    Жәбірленушінің анасы әділдік іздеп жүргенін, алайда қысымға ұшырағанын жеткізді. Ауыл ақсақалдары мен тұрғындары оны арызын қайтарып алуға мәжбүрлеуге тырысқан. Әйелдің сөзінше, ұлын қорлағандар оны да, өзін де өлтіреміз деп қорқытқан.

                                                                    Тергеу барысы

    Құқық қорғаушы Гулайхан Тұрсуманованың айтуынша, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабы («Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып еркек пен еркектің жыныстық қатынасы») бойынша қозғалған. Қазіргі таңда сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. Сараптаманың нәтижелері шыққаннан кейін тергеу жалғасады.

    Түркістан облыстық полиция департаменті күдіктілерден жауап алынғанын хабарлады. Алайда тергеу амалдарына қатысты басқа мәліметтер жарияланған жоқ.

                                                              Ана әділдік талап етеді

    Жәбірленушінің анасы істің заң аясында қаралуын, кінәлілердің қатаң жазаға тартылуын талап етіп отыр. Оның айтуынша, бұл қылмысқа қатысты кешірім болмайды.

    Қоғам арасында бұл оқиға үлкен резонанс тудырды. Азаматтар заңның қатаң орындалуын және кінәлілердің әділ жазасын алуын сұрап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →