Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
275 тұрғын зардап шекті: Қытайда торнадодан 8 адам мерт болды 937 миллиардтың жұмбағы: QazaqGaz басшысы Шәрібаевтың миллиардтары туралы сұраққа нақты жауап бере алмады Ұлттық компаниядағы дау: «ҚазМұнайГаз» мықты мамандарды қыстартпақ 14 жылдан кейін ашылған қылмыс: ашулы келін енесін тұншықтырып өлтірген Денсаулықты қорғау құқығы Конституцияда бекітілді. Бірақ бұл іс жүзінде әрбір қазақстандық үшін нені білдіреді? Елорда күні елде 448 сәби дүниеге келді 275 тұрғын зардап шекті: Қытайда торнадодан 8 адам мерт болды 937 миллиардтың жұмбағы: QazaqGaz басшысы Шәрібаевтың миллиардтары туралы сұраққа нақты жауап бере алмады Ұлттық компаниядағы дау: «ҚазМұнайГаз» мықты мамандарды қыстартпақ 14 жылдан кейін ашылған қылмыс: ашулы келін енесін тұншықтырып өлтірген Денсаулықты қорғау құқығы Конституцияда бекітілді. Бірақ бұл іс жүзінде әрбір қазақстандық үшін нені білдіреді? Елорда күні елде 448 сәби дүниеге келді

Әлемдік мұнай бағасы арзандады

Әлемдік мұнай бағасы арзандады

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ-тағы қорлар туралы ресми мәліметтер жарияланғаннан кейін төмендеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір айындағы фьючерстерінің бағасы 3,31%-ға құлдырап, 74,45 долларға жетті. Сауда деректері бойынша, бұл көрсеткіш Астана уақытымен 08:20-да тіркелген.

WTI маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы 3,62%-ға төмендеп, 70,66 доллар болды.

АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметінше, елдегі мұнай қоры 1 апта ішінде 4,07 миллион баррельге өсіп, жалпы көлемі 427,86 миллион баррельге жетті. Сонымен қатар бензин қоры 3,04 миллион баррельге азайып, 248,05 миллион баррель болды. Ал дистилляттар қоры 135 мың баррельге артып, 118,62 миллион баррельге жетті.

Сарапшылардың бұған дейінгі болжамы келесідей еді: мұнай қоры 2,31 миллион баррельге өседі, бензин 1,21 миллион баррельге көбейеді, ал дистилляттар 2,25 миллион баррельге азаяды. Алайда нақты көрсеткіштер бұл болжамнан өзгеше болды.

Бағаға ОПЕК-тің ақпан айындағы есебі де әсер етуі мүмкін. Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы қаңтарда ОПЕК+ жоспарланғаннан көп мұнай өндірісін қысқартқан, нақты айтсақ тәулігіне 253 мың баррельге дейін. Альянс елдері өндірісті 6,904 миллион баррельге дейін төмендетуі тиіс болған, бірақ шынайы көрсеткіш 7,157 миллион баррельге жетті.

Қазақстан белгіленген квотадан асып, тәулігіне 1,538 миллион баррель өндірді (жоспар бойынша 1,403 миллион баррель еді). Енді еліміз 2026 жылдың маусым айына дейін 2024 жылғы артық өндірісті өтейтін болады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика