Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 22 шілде 2026 $ 470,8 537,2 6,00
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қадіріңе жете алдым ба?»: Нұртас Айдарбеков әйеліне ән арнады Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат «Қадіріңе жете алдым ба?»: Нұртас Айдарбеков әйеліне ән арнады Жапонияда ауа температурасы 40°C-ден асып кетті «Қазақтелекомның» кабелі істемей қалды: Астананың жартысы байланыссыз отыр Петропавлдағы көшелерде кептеліс: Екі құдық үшін халық қанша уақыт азап шегуі керек? Бишімбаевтың ағасы бостандыққа шығады Елімізде жастарды қолдау қаржылық тұрғыдан да нақты жолға қойылған – басқарма өкілімен сұхбат

    Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң мақұлданды

    Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң мақұлданды

    Сенат депутаттары «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Заңға сәйкес Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен тарихи-мәдени мұрасы объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың, сақтаудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру қарастырылған. Бұдан бөлек:

    • Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен оның қорғау аймақтарының аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жоспарлау және басқару;
    • Тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту, қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дамыту;
    • Түркістан қаласының тарихи-мәдени мұрасы объектілерін қорғау және пайдалану жөнінде қабылданған шешімдерді ғылыми қамтамасыз ету;
    • Түркістан қаласының халықаралық ынтымақтастығын дамыту болып саналады.

    Бұдан басқа, заңда тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі нормалар, сондай-ақ Түркістан қаласының археология және инфрақұрылым ескерткіштерінің резерватына қатысты нормалар айқындалады.

    “Атап айтқанда, құрылыс салуды реттеу аймағында құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде сәулет келбеті бойынша олардың тарих және мәдениет ескерткіштерінен асып кетуіне жол берілмейді деп көзделеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегейлігін сақтау және оның айналасындағы аумаққа құрылыс салуға жол бермеу мақсатында кесененің қорғау аймағының шекарасынан бір жүз метр қашықтықта биіктігі жеті метрден асатын және ауқымы, түсі және құрылыс материалдары бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерімен үйлеспейтін объектілер салуға жол берілмейді”, – деді сенатор Сүйіндік Алдашев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →