Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда Астана маңында жоғалған екі ер адам қамыс арасында ұйықтап жатқан күйі табылды Қонаев маңында жолаушылар автобусы лайға батып, 27 адам құтқарылды Диетолог күндізгі ұйқышылдықты азайтудың жолын айтты Қытай автокөліктерін сатушылар Алматыдағы салонмен әріптестіктен 700 млн теңгесінен айырылды Алимент қарызы үшін: Рудный тұрғыны сот орындаушысына пышақ жұмсап, 15 жылға сотталды 100 жылқы жымқырды деп айыпталған жылқышы Рахат Сәрсенов ем алуда

    Енді Қазақстанда ешкім қыз алып қашпауы мүмкін

    Енді Қазақстанда ешкім қыз алып қашпауы мүмкін

    Депутат Мұрат Әбенов қыз алып қашу операциясында заң жәбірленген адам жағында болуы керегін айтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Халық қалаулысының сөзінше, бұл мәселе қазір тиісті түзету жұмыс тобында талқыланып жатыр.

    – Тиісті түзетуді ұсындым. Қазір ол Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобында қаралып жатыр. Жауапкершіліктің әртүрлі дәрежесін, оның ішінде қылмыстық жауапкершілік те бар. Мәселен, бас бостандығынан айыру, айыппұлдар, қоғамдық жұмыстар қарастырылды.
    Мұның бәрі жағдайға байланысты сараланады. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бір топ адамның әрекеті анықталса, қандай да бір зиян келтірілсе, тиісті жауапкершілік ұсынылып жатыр, – деді ол.

    БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген депутат біреуді еркінен тыс алып қашып, үйінде ұстау, психологиялық және физикалық қысым көрсеткендерге жаза қатаң болуы керек деп есептейді. Яғни, заң жәбірленген адам жағында болуы тиіс. Мұрат Әбенов осы орайда қыз алып қашқандарға 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →