Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Тоқаевқа №8 және №9 жаңа кокс батереяларының құрылысы таныстырылды • «Құшақтап, сүйіп алды»: Мақпал Жүнісова тойда ыңғайсыз жағдайға тап болды • Президент Qarmet конвертер цехының жұмысымен танысты • «Жұмыссыз жатқаныма 123 күн болды»: Экс-депутат қазіргі жағдайы туралы айтты • Атырауда конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге әрекет жасады деген күдікпен 10 адам ұсталды • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты •

    «Махаббатым менің»: Баян Мақсатқызы екінші қызының америкалық дипломын көрсетті (ФОТО)

    «Махаббатым менің»: Баян Мақсатқызы екінші қызының америкалық дипломын көрсетті (ФОТО)

    Қазақстандық актриса әрі продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы оқырмандарына екінші қызы Айару Бақытбектің жоғары білім туралы америкалық дипломын көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

    Былтыр жыл соңында 21 жастағы Айару Бақытбек қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол қорытынды емтихандарын тапсырып, АҚШ-тағы университетті сәтті аяқтағанын айтқан. Күні кеше Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі 4 миллиондық аудиториясына Айарудың Лоң-Бичтегі Калифорния мемлекеттік университетінен алған дипломын көрсетті.

    «Айарудың жоғары білім туралы дипломы. Махаббатым! Мақтанышым менің! Бақытым менің!» – деп жазды Баян қызына.

    Сондай-ақ Баян Мақсатқызы Айарудың бала күнгі фотосын жариялап, оның үшінші қызы Алисаға ұқсайтынын атап өтті. Айта кетейік, Баян Мақсатқызы былтыр қатарынан екі сәби сүйген еді, актриса кенже қыздарын әзірге оқырмандарына көрсеткен жоқ.

    «Алисадан айнымайды, бір-біріне қатты ұқсайды», — деп жазды Баян.

    Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →