Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты Алматыдағы оқиға: кроссовер ағашқа ілініп қалды Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты

    Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан стюардессаға арнап фильм түсіреді

    Әзербайжан Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан стюардессаға арнап фильм түсіреді

    Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

    Әзербайжан кинематографистер одағының хатшысы, еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер және сценарист Зия Шихлинский ұлттық қаһарман Хокума Алиева туралы жаңа фильм түсіруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

    Қысқаметражды деректі фильм 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласында апатқа ұшыраған «Баку–Грозный» рейсінде қызмет атқарған стюардесса Хокума Алиеваның өмірі туралы болмақ.

    Деректі фильмнің түсірілімі жақын арада басталады деген жоспар бар. Жобаның көркемдік жетекшісі Әзербайжан кинематографистер одағының төрағасы, Халық әртісі Расим Балаев, сценарий авторы және режиссері — Зия Шихлинский, оператор – КОХ басқарма мүшесі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Әділ Аббасов болады.

    Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің 2024 жылғы 29 желтоқсандағы өкімімен Embraer 190 ұшағындағы қызметтік міндеттерін орындау және жолаушылардың өмірін құтқару кезінде көрсеткен жоғары кәсібилігі, батылдығы мен адалдығы үшін Хокума Алиеваға ұлттық батыр атағы тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →