Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Алматыда LRT желісі 2027 жылы іске қосылады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың сирек фотосы жарияланды

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың сирек фотосы жарияланды

    Белгілі қытайтанушы Иван Зуенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір сирек кездестірілетін суретін жариялады.

    «Нағыз қазына» – сирек сурет туралы деректер

    Иван Зуенко өзінің Telegram-арнасында Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983-1984 оқу жылында Пекин лингвистикалық институтында білім алған кезіндегі тобымен түскен суретін бөлісті.

    «Суретте бірінші қатардың оң жағында – Ресейдің Қытайдағы елшісі Игорь Владимирович Моргулов. Екінші қатарда, екінші орында – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, қазіргі Қазақстан Президенті. Оның қасында Антонина Федоровна Котова, сол уақытта ММУ-дың Азия және Африка елдері институтының тарихи-филологиялық факультетінің деканы болған», – деп жазды Зуенко.

    Зерттеуші бұл фотосуретті «атмосфералық және ерекше тарихи маңызы бар» деп сипаттады. «Топтың гендерлік және жас ерекшеліктерінен бастап, оқу аудиториясының ахуалына дейін – бәрі ерекше. Нағыз қазына!» – деді ол.

    Тоқаевтың еңбек жолынан мәліметтер

    Қасым-Жомарт Тоқаев 1983-1984 жылдары Пекин лингвистикалық институтында стажировкадан өткен. Ол кезде бірінші топ стажерлардың старостасы болған. 1984-1985 жылдары Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында қызмет атқарып, кейін Қытайдағы КСРО елшілігіне жіберілген.

    Зуенконың айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытаймен байланысты қызметі 1975 жылдан басталады. Ол Сингапурдағы кеңестік елшілікте жұмыс істеп, 1991 жылға дейін Қытайдағы елшілік қызметтерде түрлі лауазымдар атқарған.

    Иван Зуенко туралы

    Иван Зуенко – Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының (МГИМО) Халықаралық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері, шығыстану кафедрасының доценті және тарих ғылымдарының кандидаты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →