Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады

    Қазақстандық жас хоккейші Канаданың командасына ауыспақ

    Қазақстандық жас хоккейші Канаданың командасына ауыспақ

    Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Никита Ситников Канаданың «Коквитлам Экспресс» командасымен келісімге қол қойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Британдық Колумбия хоккей лигасында бақ сынайтын команданың бас менеджері Тали Кэмпбелл жаңа ойыншы жайлы пікірін білдіре кеткен.

    Никита Ситников — шебер, жылдам әрі ақылды шабуылшы. Бұл оған артықшылық береді және біздің лигамызда жақсы нәтижелер көрсетуіне көмектеседі. Жанкүйерлер оған қызыға қарайтын болады, ал біз оның үлкен әлеуеті бар деп санаймыз. Никита Ситников келесі аптада Кокитламға келеді, — деп жазады shaiba.kz Кэмпбеллдің сөзін назарға алып.

    Қазақстандық хоккейшіге жастар арасындағы әлем чемпионаты кезінде ұсыныс түскен. Мұны Никита ата-анасы және агентімен ақылдаса келіп қабыл алған.

    19 жастағы шабуылшы осы маусымды «Снежные Барсы» құрамында бастады, онда тұрақты чемпионаттың 27 матчында 11 (5+6) ұпай жинады.

    Қазақстан жастар құрамасы сапында әлем чемпионатында Ситников бес матчта 2 (1+1) ұпай жинады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →