Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 448,3↓€ 499,4↓₽ 5,47↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері онлайн оқитын болды

    Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері онлайн оқитын болды

    Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері ғимараттағы өрттен кейін онлайн оқытуға көшіріледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сенбі күні ҚБТУ ғимаратының 4-қабатынан өрт шыққан болатын. Тілсіз жау тез арада оқшауланып, жойылды. ЖОО мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

    «Қазіргі уақытта құзыретті органдармен бірлесіп, оқиғаның себептерін тексеру жүргізілуде. Қазақстан-Британ техникалық университеті студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Оқу сабақтарының форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетін болады», – деп жазылған университеттің ресми түсініктемесінде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →