Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 12 тамыз 2026 $ 466,7 538,9 5,66
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Сәкен Майғазиев ауруханада жатқан Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын сұрап қайтты Сирия соты бұрынғы президент Башар Асадты өлім жазасына кесті Жаңақорғанда қызанақ пастасы өндірісіне 2,3 млрд теңге инвестиция салынады Қазақстандық пауэрлифтер 15 тонналық автобусты тісімен 20 метрге сүйреп, әлемдік рекорд орнатты «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып, Еуропа лигасында жалғастырады Павлодардағы жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады

    «Маңғыстаумұнайгазға» 32 миллиард теңге айыппұл салынды

    «Маңғыстаумұнайгазға» 32 миллиард теңге айыппұл салынды

    Маңғыстау облысы прокуратурасының тексеруі нәтижесінде «Маңғыстаумұнайгаз»  АҚ-ның табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзғаны анықталып, сот компанияға 32,2 миллиард теңге көлемінде айыппұл салуға қаулы етті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Маңғыстау облысы прокуратурасы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның ағынды суларды заңсыз жер қойнауына жіберу және бұрғылау қалдықтарын тиісті шектеусіз жинақтау фактілерін анықтады. Бұл әрекеттер қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтірген.

    Прокуратураның қолданған шаралары нәтижесінде, 2024 жылғы 4 желтоқсанда сот компанияны Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартып, 31 миллиард теңге айыппұл салды.

    Сонымен қатар, мұнай жылыту пештерінен шамадан тыс зиянды заттардың бөлінуі де тіркелді. 2024 жылғы 11 желтоқсанда сот бұл факті бойынша компанияны тағы да әкімшілік жауапқа тартып, қосымша 1,2 миллиард теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды.

    Барлық айыппұлдар туралы сот актілері заңды күшіне енді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →