Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) •

    Олимпиада жүлдегері басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін

    Олимпиада жүлдегері басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін

    Алматы қалалық спорт басқармасының басшылығына үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия отырысында 3 адамның кандидатурасы жан-жақты талқыланған, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Үміткерлер арасында Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Дархан Нұрханұлы, Алматы қаласы cпорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан Нұрланұлы мен Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев та бар.

    «Комиссия мүшелері әр кандидаттың спорт саласындағы тәжірибесін, өңір спортының даму перспективаларына қатысты көзқарасын және спорт менеджменті саласындағы біліктілігін бағалады. Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

    Нұрбақыт Теңізбаев 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында туған. Ол – грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының жүлдегері.

    Сондай-ақ, 2009 жылы әлем чемпионатының қола медалін еншілеген. Данқты спортшы қазіргі уақытта Алматы облысы, Кеген ауданының әкімі қызметін атқарады.

    Фото: egemen.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →