Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • «Түрі өзгерсе де дауысы өзгермеген»: Гауһар Әлімбекованың кескін-келбеті талқыға түсті • Президент Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөліміне жаңа басшы тағайындалды • Биіктен құлап кеткен: Ыстамбұлда 26 жастағы қазақ қызы қаза тапты • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) •

    Ризабек Айтмұхан атақты америкалық балуанмен бозкілемде кездесуі мүмкін

    Ризабек Айтмұхан атақты америкалық балуанмен бозкілемде кездесуі мүмкін

    Фото: olympic.kz

    Professional Wrestling League (PWL) еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан мен америкалық Кайл Снайдер арасындағы кездесуге қатысты келіссөздерді бастап кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы лиганың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

    Танымал PWL лигасы Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан мен Олимпиада чемпионы Кайл Снайдер арасындағы кездесуге қатысты келіссөздерді бастап кетті. Аталмыш лиганың жоспарына сәйкес кездесу ақпан айында Алматы қаласында өтпек. Бұған дейін PWL лигасы аясында қырғызстандық Жоламан Шаршенбеков, Ақжол Махмудов, ресейлік Заурбек Сидаков, қазақстандық Жәмилә Бақбергенова секілді танымал спортшылар сынға түскен.

    Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында 92 кг дейінгі салмақта чемпион атанған. Осылайша ол ел тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ спортшысы болды.

    Ал америкалық Кайл Снайдер 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында 97 кг дейінгі салмақта чемпион атанса, 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада күміс жүлде еншіледі. Сондай-ақ ол 3 мәрте (2015, 2017, 2022) әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →