Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 18 тамыз 2026 $ 463,3 536,5 5,52
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты Әлемге танымал тревел блогердің Қазақстан туралы фильмі жарық көрді (ВИДЕО) Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр? Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды Павлодар облысында прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті: отбасы тергеуге күмән келтірді Инфантиноны сынаған FIFA басшыларының бірі қызметінен кетті Қазыбек Қалмағамбетов U20 әлем чемпионатының финалына шықты Әлемге танымал тревел блогердің Қазақстан туралы фильмі жарық көрді (ВИДЕО) Мыңдаған грант, санаулы нәтиже: Қазақстан ғылымы неге өндіріске жете алмай отыр? Диплом алып, жұмыссыз қалмау үшін: колледждер жұмыс берушілерге қажет мамандарды даярлайды Павлодар облысында прокуратура қызметкері әйелді қағып кетті: отбасы тергеуге күмән келтірді Инфантиноны сынаған FIFA басшыларының бірі қызметінен кетті

    Қытаймен шекарадағы кеден бекетінің басшылары ұсталды – видео

    Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі.

    Ресми мәліметке сәйкес, 28 ақпанда Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті «Нұр Жолы» кеден бекетінде шұғыл шаралар өткізді. Қадағалау органының қызметкері қылмыстық әрекеттің имитациясын жасаған. Оған тексеріс бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделген.

    «Аталған факті бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды», — делінген ресми хабарламада.

    Бұдан бөлек, уәкілетті экономикалық операторлардың бір өкілі қолға түсті. Ол ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара берген.
    Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →