Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 468,5 541,3 5,74
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Қазақстандағы жеңіл автокөліктердің бағасы бір айда рекордтық төмендеді Мудрик «Страсбурға» ауысса, Сатпаевтың жалдануы мүмкін емес Иран Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан арасындағы қорғаныс келісіміне алаңдамайды Мөлдір Мұқан телехикаяда Ерланның жұбайы рөлін сомдайды Мөлдір Мұқан «Qazaqstan» телеарнасының жаңа сериалында түсетінін мәлімдеді Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды

    Семейде биіктен құлаған мұғалім қызметіне қайта орала ала ма – Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

    Семейде биіктен құлаған мұғалім қызметіне қайта орала ала ма – Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

    Фото: Stan.kz

    Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басшысы Гүлнәр Сәрсенбаева Семейде биіктен құлап кеткен мұғалімнің қазіргі жағдайы жайында айтып берді. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. 

    Гүлнәр Сәрсенбаеваның айтуынша, мұғалім жансақтау бөлімінен шығарылып, палатаға ауыстырылған.

    «Науқас 21 желтоқсанда бас сүйек-ми жарақатын алды. Сол күні шұғыл ота жасалды, қазір жағдайы жақсарып келеді. Есін жиды, қажетті медициналы көмекті алып жатыр. Жансақтау бөлімінен жалпы бөлімге ауыстырылды», – деді ол.

    Министрлік өкілінің айтуынша, мұғалім денсаулық жағдайына байланысты әрі қарай да бақылауда болады.

    «Науқас сұрақтардың бәріне жауап береді. Денсаулық жағдайына байланысты бақылауда болады. Оның қызметіне қайта орала алуы, барлығы ағзаның жағдайына, қаншалықты тез қалпына келуіне байланысты. Жарақат ауыр, қалпына келу ұзақ уақытты талап етеді», – деп түсіндірді департамент басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →