Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Павлодарда 3 жасар бала терезеден құлап мерт болды

    Павлодарда үш жасар бала терезеден құлап кетті. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy.-на сілтеме жасап.

    Pavlodarnews хабарлауынша, қайғылы оқиға 12 сәуірде кешкі уақытта болған. Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының мәлімдеуінше, бала көпқабатты тұрғын үйдің 9-қабатынан құлаған. 

    «Баланың терезеден құлауы туралы шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», — делінген хабарламада. 

    Дәрігерлер баланың мерт болғанын анықтады.

    Qazaq.today

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →