Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті •

    Артиллериялық атқылау жиіледі: Елшілік қазақстандықтарға Украинадан кетуді ұсынды

    Артиллериялық атқылау жиіледі: Елшілік қазақстандықтарға Украинадан кетуді ұсынды

    Қазақстан елшілігі Украинадағы Қазақстан азаматтарының назарына үндеу жасады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    «Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты, қауіпсіздік мақсатында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүріп жатқан жерлерге жақын аумақтарды қалдыру немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», — делінген елшіліктің tелеграмм арнасында.

    Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескеріп, дереу баспаналарға баруға, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады. Елшілік консулдық бқлімдердің байланыс телефон номерлерін де таратты.

    «Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алатынын ескертеміз. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес. Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408», — деп хабарланған  үндеуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →