Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Ақтөбе облысында байланыс мұнарасы дүкенге құлап, үш адам зардап шекті АҚШ пен Ираннның соғысы қайта басталды: Трамп өткен айда жасалған келісімнің күші жойылғанын мәлімдеді «Тоқалын тығып жүр»: Мейрамбек Беспаев әйелімен үйленген күндерін шетелде атап өтті (ВИДЕО) Батбаққа батқан бұқара: СҚО-дағы ауылда әлі күнге дейін асфальт жоқ

2 адам опат болды: ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмады

2 адам опат болды: ШҚО-да жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмады

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда жарылғыш зат тиелген жүк көлігі жарылып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Нақты айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Өскемен-Самара тасжолында жарылғыш зат тиелген жүк көлігінің сау тамтығы қалмаған.

Төтенше жағдай облыс орталығынан 75 шақырым жерде болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, «Вольво» жүк көлігі Самара облысында тау-кен жұмыстарын жүргізуге арналған жарылғыш заттарды тасымалдаған.

Жарылыс салдарынан салондағы жүргізуші мен жолаушы қаза тапты.

— Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс жолда кратер жасап, өтіп бара жатқан бірнеше көлікті зақымдаған. Кейбір мәліметке қарағанда, жарылғыш заты бар жүк көлігі Industrial Explosivers ЖШС-не тиесілі көрінеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика