Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 15 шілде 2026 $ 475,2 541,3 6,20
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты Сот Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдырын шешті Қазақстан Президенті Қырғызстандағы жаңа елшіні қабылдады Астанада салынып жатқан ғимараттың шатырындағы өрт толық сөндірілді Алматыдағы резонанстық ЖКО бойынша блогер Молдаханға үкім шықты Құрылтай сайлауын ұйымдастыруға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлінді Президент Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастыру барысымен танысты

    Маңғыстау облысында 11 баланың анасы TikTok-тағы видеосы үшін сотталды

    Маңғыстау облысында 11 баланың анасы TikTok-тағы видеосы үшін сотталды

    Жаңаөзендік Жадыра Досекеева Қылмыстық кодекстің «телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді, деп жазады Qazaq.today ақпарат порталы.

    Сондай-ақ  белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Сонымен қатар тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

    Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, үш жыл шартты жаза кескен. Сондай-ақ  белсенді жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.

    «Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай, соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот Жадыра Досекееваға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады”, – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →