Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? •

    Талғарда мемлекеттік рәміздер қоқыста шашылып жатыр

    Талғарда мемлекеттік рәміздер қоқыста шашылып жатыр

    Алматы облысында белгісіз біреулер мемлекеттік рәміздерді далаға тастаған. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, рәміздерді қорлағандарды іздестіріп жатыр, деп хабарлады Qazaq.today.

    Қоқыста жатқан рәміздердің видеосы әлеуметтік желіде тараған. Автордың айтуынша, видео Талғар ауданындағы Еркін ауылында түсірілген.

    — Сұмдық жағдай, мемлекеттік рәміздер қоқыста шашылып жатыр. Бұл – тек заң бұзушылық емес, елімізге және оның рәміздеріне көрсетілген құрметсіздік. Біз мемлекеттік органдарға жүгініп, тергеу бастауын және кінәлілерді анықтауын талап етеміз. Сонымен қатар мұндай жайт енді қайталанбауы керек, – деді автор. 

    Желі қолданушылары аталған жайтқа қатысты наразылықтарын білдіріп, мемлекеттік рәміздерді жоюдың арнайы тәртібі барын алға тартты. 

    Ал Талғар ауданының әкімдігі қоқыс полигонының Қайнар ауылдық округіндегі жекеменшік аумақта орналасқанын мәлімдеді. Рәміздер бүгінде қоқыстан шығарылған.

    — Жергілікті атқарушы орган қызметкерлері қоқыста тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында мемлекеттік рәміздермен бірге колледж құжаттары табылды. Рәміздер қоқыстан шығарылды. Жою жұмыстары мемлекеттік ту мен рәмізді ауыстыру және жою ережесіне сәйкес жүргізіледі, – деп мәлімдеді Талғар ауданының әкімдігі. 

    Ведомство өкілдері мемлекеттік рәміздердің Талғар ауданындағы мекемелерге тиісті еместігін хабарлады.  Ал полиция қазір қылмыстық іс қозғап, тексеріс жүргізіп жатыр.

    — Мемлекеттік рәміздерді қорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір Талғар аудандық полиция қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін тиісті шаралар қабылдап жатыр. Кінәлілерге қатысты тиісті шара қолданылады, – делінген полиция хабарламасында.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →