Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды •

    Көлікке жол бермеген: Павлодарда екі жігіт оқушы қызға шабуыл жасады

    Көлікке жол бермеген: Павлодарда екі жігіт оқушы қызға шабуыл жасады

    Павлодар облысында екі жас жігіт 13 жастағы мектеп оқушысына шабуыл жасады. Оқиға оқушы қыз көлікке жол бермегеннен кейін болған, деп хабарлайды kerek.pv сайтына сілтеме жасаған Qazaq.today.

    Мектеп әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, шамамен 20 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы көліктен түсіп, қыздардың бірін итеріп жіберген. Зардап шеккен оқушының ата-анасы полицияға арызданған.

    Павлодар облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өкілдің мәліметінше, жасөспірімге қол жұмсаған күдіктілердің кім екені анықталған.

    «Зардап шеккен қыздың заңды өкілдері полицияға шағымданды. Қазіргі таңда бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады құқық қорғау өкілі.

    Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған балаға қасақана жеңіл дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    «Күдіктілер анықталды, екеуі де ересек азаматтар. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →