Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды •

    Қоштасу кеші өтеді: құрылғанына 25 жыл толған «Орда» тобы тарайтын болды

    Қоштасу кеші өтеді: құрылғанына 25 жыл толған «Орда» тобы тарайтын болды

    Көпшіліктің ықыласына бөленген «Орда» тобы тарайтын болды. Бұл туралы топ мүшелері Revue News бағдарламасына берген сұхбаттарында мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Жалпы, «Орда» тобының құрылғанына – 25 жыл. Топ мүшелері дәл сол мерейтой қарсаңында сахнамен қоштасуға шешім қабылдап отыр.

    — Келесі жылғы тур біздің ортақ соңғы турымыз болмақ. 15 ақпанға үлкен қоштасу кеші жоспарланып отыр. Бұл «Орданың» 25 жылдық қоштасу концерті болады. Меніңше, тарайтын кез келді. Әрқайсымыздың өз жұмысымыз бар дегендей. Көңілде қимастық бар, әрине, – деді Дастан Оразбеков.

    Оның айтуынша, «Орда» тобы тарағанмен, топ мүшелері түбегейлі өнерден кетпейді.

    — Ешқайсымыз өнерден түбегейлі кетпейміз. Әркім өзі жолымен жүреді. Мысалы, Нұрлан Бішкекте «Елес» тобымен өнер көрсетеді. Оның үстіне қолөнері бар. Ерболат продюсерлік жұмысын жалғастырады, үлкен мега жобалары да бар. Есболат сценарист, кино саласына бет бұрып жатыр, – деді әнші.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →