Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті Аргентина Швейцарияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қазақстандық журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев қайтыс болды Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Макгрегордың тарихи оралуы мерзімінен бұрын аяқталды Бишимбаев ісі бойынша танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кеткенін мәлімдеді Жағдайы ауыр: Алматыда 20 жастағы қыз көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті Аргентина Швейцарияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты Қазақстандық журналист әрі жазушы Жұмабек Табынбаев қайтыс болды Англия құрамасы Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты

Трюк жасап, видеоға түспек болған: Алматыда танымал блогердің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігіттің өліміне себепкер болды

Трюк жасап, видеоға түспек болған: Алматыда танымал блогердің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігіттің өліміне себепкер болды

Алматыда танымал блогер Әлібековтің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігітті қағып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға 29 қазан күні Алматы-Астана тас жолындағы Сокол автодромында болған. Автодромда арнайы трюк жасалуы қажет болған. Батырхан есімді жігіт жүріп келе жатқан Lamborghini көлігіні үстінен секіруі керек еді. Қорқынышты трюк барысында 45 жастағы Анатолий Подлипалин жігітті қағып кеткен. Көліктің танымал блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі екені анықталды.

Оқиғадан кейін Батырхан Іле ауданындағы орталық ауруханаға жеткізіліп, оған ауыр бас-ми жарақаты, самай сүйегінің сынуы және үшінші дәрежелі кома диагнозы қойылған. 30 қазан күні жас жігіт алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды.

Оқиға “ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу” бабы бойынша тіркеліп, тергеу басталды.

Оқиғаға қатысты блогер Бейбіт Әлібеков түсіндірді.

«Бытырхан Ержан есімді жігіт менен көлікті қайта-қайта сұрады. Трюк жасап, видеоға түсіргісі келетінін айтқан. Бірнеше рет сұрағаннан кейін көлігімді берген болатынмын. Қайғылы оқиға трюк жасау кезінде орын алған. Артынша ол ауруханада көз жұмды. Көлігімді бермеуім керек еді. Отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», –  деді Әлібеков.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →