Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 28 қазан 2026 $ 453,3↑€ 506,4↓₽ 5,61↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты • Бата мен тостың аражігін ажырата білу — халық дәстүрінің көрінісі • Астанада балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сорпаға күйіп қалды • Зейнеп Баянова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді • Қытай телеарнасы Мбаппенің Мао Цзэдун туралы мемінен кейін Ла Лига матчтарын тоқтатты • Бағдат Сабаз Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Қытай телеарнасы Мбаппе мен Ла Лига матчтарын көрсетуді тоқтатты •

    Қазақстанның мемлекеттік қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды

    Қазақстанның мемлекеттік қарызы 30 трлн теңгеге жуықтап қалды

    Фото: canva.com

    Мемлекеттік қарыз 29 трлн теңгеге жуықтап қалғанына қармастан, 2028 жылдан бастап азая бастайды. Қаржы министрі Мәди Тәкиев Мәжіліс кулуарында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Министр сөз басында мемлекеттің сыртқы қарызы қандай көлемде екені туралы мәлімет берді.

    «Қазіргі уақытта мемлекеттің борышы 28,7 трлн теңгені құрайды. Оны жалпы ішкі өнімге шаққанда 21,7 пайызға жетті. Бірақ бұл келесі бес жылдықта 25 пайыздан аспайды. Санап отырмыз. Оның пайдалану тиімділігі жақсы», — дейді министр.

    БАҚ өкілдері тарапынан мемлекеттің сыртқы қарызы жыл санап көбейіп бара жатқанын, оның қашан азаятыны туралы сұрақ қойылды.

    «2028 жылдан бастап азая бастайды», — деп сендірді Мәди Тәкиев.

    Қазақстан қарызын төлей алмайтын уақытқа жетуі мүмкін бе?

    «Жетпейміз оған. Оны мемлекеттік ұйымдар дәлелдеп жатыр. Біз де қарастырып отырмыз. Оған жету үшін қанша жыл керек екенін білмеймін», — деп қаржы министрі қысқа қайырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →