Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды •

    12 мың сарбаз: кореялықтар ресей әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғыспақ

    12 мың сарбаз: кореялықтар ресей әскерінің құрамында Украинаға қарсы соғыспақ

    НАТО бас хатшысы Марк Рютте Ресейдің Курск аймағында Cолтүстік Корея әскерлерінің барын ресми түрде растады.

    Рюттенің айтуынша, Солтүстік Корея әскерлерінің Украинаға қарсы соғысқа қатысуы Үнді-Тынық мұхиты аймағына да, Еуроатлантикалық кеңістікке де қауіп төндіреді.

    Ол Солтүстік Корея әскерлерінің Ресей аймақтарына орналастырылуы Украинадағы соғыстың айтарлықтай өршуін білдіретінін атап өтті. НАТО бас хатшысы Мәскеу мен Пхеньянды бұл әрекеттерін дереу тоқтатуға шақырды.

    Айта кетейік, өткен аптада Украинаның арнайы қызметі Ресейге Солтүстік Кореядан 12 мыңға жуық әскер жіберілгенін хабарлаған еді. Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Корея сарбаздары 27-28 қазаннан бастап майданға жіберіле бастайтынын мәлімдеді. Ресей аумағында Солтүстік Корея әскерлерінің барын Пентагон да растады.

    Ал Солтүстік Корея билігі Украинаға әскер жіберілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →