Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Үкімет ипотеканың бастапқы жарнасын төмендетуді тапсырды • Ыдысты түнде жуусыз қалдыру: қазақы ырымның мәні неде? • Маңғыстау облысында ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас үйлеріне шығарылды • Алматы әкімі Дархан Сатыбалды World Tennis Бас ассамблеясының отырысын ашты • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді •

    Қарсыласы ирандық Махди Мұхарамәли Морафан: Ризабек Айтмұхан – үш дүркін әлем чемпионы

    Қарсыласы ирандық Махди Мұхарамәли Морафан: Ризабек Айтмұхан – үш дүркін әлем чемпионы

    Ризабек Айтмұхан Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында (U23) жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Оның басты қарсыласы ирандық Махди Мұхарамәли Морафан болған. Ұлттық құрама спортшысы 97 кг дейінгі салмақтың финалында ирандық қарсыласы Махди Мұхарамәли Морафаны ұтты.

    Осылайша, Ризабек 3 түрлі жас санатында әлем чемпионатында алтын алған тұңғыш қазақ палуанына айналды. Еске сала кетейік, Ризабек былтыр Белградта ересектер арасында (92 кг дейінгі салмақ), ал биыл Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасында әлем чемпионы (97 кг дейінгі салмақ) атанған.

    22 жастағы Махди — жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2021 жыл).

    Отандасымыз кеше 3 белдесу өткізіп, алғашқысында Каллум Уильям Нокты (Канада), сосын Владислав Козловты (Бейтарап атлет) таза жыққан. Ал жартылай финалда Шамиль Имам Гаджалиевтен басым түскен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →