Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 7 тамыз 2026 $ 469,7 542,7 5,80
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ президенті туғаннан азаматтық құқығын шектеуге бағытталған жаңа жарлықтарға қол қойды Еңбек кодексіндегі киберқауіпсіздік талаптары: жұмыс берушілер мен қызметкерлердің міндеттері Мөлдір Мұқанова туған ауылында сағынышын басып, балалық шағын еске алды Атырауда белгісіз ер адам 12 жасар қызға жыныстық ниетпен тиіспек болған Иран парламенті Ормуз бұғазы арқылы АҚШ пен Израиль кемелерінің өтуіне тыйым салуды қарастыруда Димаш Құдайберген DiMENSIONS атты жаңа әлемдік тур бастайды АҚШ президенті туғаннан азаматтық құқығын шектеуге бағытталған жаңа жарлықтарға қол қойды Еңбек кодексіндегі киберқауіпсіздік талаптары: жұмыс берушілер мен қызметкерлердің міндеттері Мөлдір Мұқанова туған ауылында сағынышын басып, балалық шағын еске алды Атырауда белгісіз ер адам 12 жасар қызға жыныстық ниетпен тиіспек болған Иран парламенті Ормуз бұғазы арқылы АҚШ пен Израиль кемелерінің өтуіне тыйым салуды қарастыруда Димаш Құдайберген DiMENSIONS атты жаңа әлемдік тур бастайды

    Атырау облысында мопед мінген жасөспірімді қуып жүріп қағып өлтірген полицей сотталды 

    Атырау облысында мопед мінген жасөспірімді қуып жүріп қағып өлтірген полицей сотталды 

    Атырау облысында жасөспірімді қуып жүріп қағып өлтірген полиция сотталды. Инспектордың қатысуымен болған қанды оқиға Қызылқоға ауданында орын алған, деп хабарлайды Qazaq.today. 

    Сотпен анықталғандай, Қызылқоға ауданы Полиция бөлімі патрульдік полиция тобының инспекторы қызметтік автокөлікпен әріптесі екеуі патрульдік қызметтерін атқару барысында жасы кәмелетке толмағанның басқаруындағы мотоциклдің артында жасы кәмелетке толмаған екі жолаушы бар күйде жүргенін анықтап, дыбыс белгісі арқылы тоқтауды талап еткен. Алайда, жасы кәмелетке толмаған жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, қозғалысын жалғастырған.

    «Сотталушы оны қудалап келе жатқанда, жасы кәмелетке толмаған Жол жүрісі қағидаларын бұзушы қара жерге шығып кетіп, мотоциклдің басқару жүйесін игере алмай, жерге құлаған. Сол кезде инспектор қауіпсіздік шараларын қолданбай, Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзып, жасы кәмелетке толмағанды қағып кеткен, нәтижесінде ол оқиға орнында есін жимастан қаза болған», — делінген хабарламада.

    Прокурор сотталушыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленуші өкілі заңға сай жаза қолдануды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындады.

    «Сотталушының шын жүректен өкінуі, асырауында жасы кәмелетке толмаған балаларының болуы, бұрын сотталмағаны — жаза мен қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады. Сотталушы ҚК-тің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →