Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті Алматыда Джеки Чанның келуіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтілді ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті

Қыз зорлау: Талғарда күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті

Қыз зорлау: Талғарда күдікті тергеу изоляторынан қашып кетті

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қашқынды ұстау үшін «Сирена» жоспары енгізілді. Негізгі бағыттарда блокбекеттер қойылып, полицияның барлық күштері күдіктіні іздеуге және ұстауға жұмсалып жатқандығы хабарлануда.

Желідегі парақшалардың бірінде мынандай ақпарат таралды:

«ҚК-тың 120-бап, 4-бөлігі бойынша ісі қаралып жатқан күдікті өз-өзіне қол жұмсамақшы болды. Абырой болғанда, оны арқаннан уақытылы түсіріп үлгерді. Дегенмен, бүгін түстен кейін ол қашып кетті. Барлық қызметкерлер оны іздеуге кіріскен, бірақ соңғы мәліметтер бойынша оны табу мүмкін болмай жатыр. Оқиға болғаннан кейін 4 сағат өткен соң ғана дабыл жарияланған”, – делінді мәліметте.

Сонымен қатар, К. есімді күдіктінің қашуына қатысты мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүргізілуде.

«Оқиға облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ведомство.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →