Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 14 шілде 2026 $ 474,7 540,9 6,18 ЖарнамаЕрежелерЖоба туралы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды Сұлтан Сәрсемәлиевке сот үкімі шықты Жамбас сұрасаң, қабырға береді: Базардағы етке сүйек қосып сату айласына вице-министр де алданған Маусымдағы аптап ыстық Еуропада 10 мыңнан астам адамның өмірін қиды Анастасия Рыпакова Азия чемпионатында күміс алып, сәтсіздіктер сериясын тоқтатты Қарбызды қазірше жеуге болмайды: Ауыл шаруашылығы министрлігі себебін түсіндірді Грузияда Kyzdar.net сайтының халықаралық іздеудегі менеджері ұсталды

БҚО-да полицей адам өліміне себепкер болды

БҚО-да полицей адам өліміне себепкер болды

Трактор мінген полицей ер адамды басып өлтірді, — деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы «Уральская неделя» басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Бұлдырты ауылында болды. Полиция майоры Бақытжан Қазақстанов МТ3-80 тракторын жүргізіп келе жатып, 45 жастағы ер адамды қағып кеткен, ол жедел жәрдем келгенше сол жерде жан тапсырған.

Күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстановқа қатысты 345-баптың 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бұл бап белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді», — делінген жазбада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →