Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті •

    Қостанайдағы бес баланың өлімі: Бас прокурор істі бақылауына алды

    Қостанайдағы бес баланың өлімі: Бас прокурор істі бақылауына алды

    Қостанай облысы Жітіқара қаласында үйден өрт шығып, қаза тапқан бес баланың өліміне қатысты істі Бас прокурор бақылауына алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бақылауына алынды.

    Өртті сөндіруді ТЖД, «Қостанай минералдары» АҚ, Жітіқара қаласының құтқару бөлімшесі және «Семсер Өрт сөндіруші» ЖШС-ның күштері жүргізді. Барлығы 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өкінішке қарай, өрт кезінде кәмелетке толмаған 5 бала қаза тапты.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, өрттің алдын ала себебі – пешті қараусыз қалдыру.

    Оқиға орнына облыс прокурорының бірінші орынбасары Бауыржан Бекбосынов барды. Облыс прокуратурасы қайтыс болған балалардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

    Айта кетейік, балалар үйде жалғыз қалған. Алтыншы бала аман қалған.

    «Құтқарушылар 7 минуттың ішінде келген. Алайда үй тұтас өртеніп кеткен», – дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

    Өрт сағат 06.08-де толық сөндірілген.

    Үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған балалар болған. 2011 жылғы бала аман қалған.

    «Алдын ала болжам бойынша олардың анасы кешкі уақытта танысына кеткен. Күйеуі бас бостандығынан айырылған. Өрттің қайдан шыққаны анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →