Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 16 шілде 2026 $ 468,8 536,3 6,05
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен келді Көкшетауда зағип жандар жабысқақ қара май кешіп жүр: Әкімдер уәде үйгенімен, ауладан береке кетті Орал-Атырау тас жолындағы апатты шұңқыр: Бөдене мен Жарсуат арасында көліктер жаппай зақымдануда Өлімге әкеледі: Министрлік күннің ыстығынан сақтануды ескертті Қарағандыда мүмкіндігі шектеулі зейнеткер шұңқырға құлап, жарақат алды Қазақстанда креативті индустрия жаңа экономикалық драйверге айналып келеді

    Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 5 бала қаза тапты

    Қостанай облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 5 бала қаза тапты

    Бүгін таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан шатыры опырылып түскен. Салдарынан 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оқиға орнына 7 минут ішінде құтқарушылар келіп жеткенше, үй толығымен отқа оранған. Өрт сөндірушілер тез арада өртті сөндіріп, үйінділерді тазартуға кірісті.  Сағат 06:08-де өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді.

    Апат кезінде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023  ж. кәмелетке толмаған балалар  болған. Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында  бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туылған бала ғана аман, зардап шекпеген.

    Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.

    Қазір оқиғаның себептері анықталуда. Өрт-техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

    Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

    Жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық қажетті көмек, соның ішінде материалдық көмек те беріліп жатыр.

    Қостанай облысының әкімдігі туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

    ТЖМ тұрғындардан кәмелетке томаған балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды!

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →