Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 6 тамыз 2026 $ 471,0 543,4 5,85
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Отан ошақтан басталады»: Алмат Сақатов қыз тәрбиесі туралы айтты Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жөнелту жиі тоқтап жатыр Астанада тәртіп бұзған блогерлерге айыппұл салынды Дастан Сәтпаев «Челси» – «Ювентус» матчынан кейін қандай баға алды? Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі «Артық кеттік!»: Танымал блогер Мөлдір Анарбаева тойда уағыз айтқан ер адамға жақтасты (ФОТО) «Отан ошақтан басталады»: Алмат Сақатов қыз тәрбиесі туралы айтты Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жөнелту жиі тоқтап жатыр Астанада тәртіп бұзған блогерлерге айыппұл салынды Дастан Сәтпаев «Челси» – «Ювентус» матчынан кейін қандай баға алды? Қорғас – Алматы бағытында көлік қозғалысына шектеу енгізіледі «Артық кеттік!»: Танымал блогер Мөлдір Анарбаева тойда уағыз айтқан ер адамға жақтасты (ФОТО)

    Қазақ фильмі Бакуде өткен фестивальде бас жүлде алды

    Қазақ фильмі Бакуде өткен фестивальде бас жүлде алды

    Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі Әзірбайжан астанасы Бакуде марапат биігінен көрінді. Фильм «Baku International Film Festival 2024» фестивалінде бас жүлде алды, деп Qazaq Today ақпарат порталы.

    Фестивальде қазылар алқасының төрағасы, «Алтын глобус» сыйлығының иегері Сиддик Байрам қазақстандық фильмді жоғары бағалаған.

    «Бауырына салу» фильмін Орталық Азиядағы мазмұнды фильмнің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүрдің көлеңкелі тұсы, бала жанының нәзік психологиясы ашып көрсетілген. Қарапайым ауылдың қоңыр тірлігін баяндайтын фильм алдағы уақытта да шыңды бағындырады деп сенеміз!», – деді ауған режиссері Сиддик Байрам.

    Аталған фильмді режиссер Асхат Кучинчереков түсірген. Картина Қазақстан кинематографистер альянсы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «Тұлпар» ұлттық сыйлығының ең жоғары наградасына ие болды. Сондай-ақ, жақында елімізді халықаралық аренада таныстыру үшін Оскар комитетіне ұсынылды.

    Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →