Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді •

    Атырауда дала өртке оранды: Адамдар улы түтінге тұншығып отыр

    Атырауда дала өртке оранды: Адамдар улы түтінге тұншығып отыр

    9 қазан күні Атыраудағы Каспий теңізінің жағалауында “Ақ Жайық” Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенді. Жергілікті тұрғындар улы түтіннен қатты жөтел пайда болғанын айтып, тамақ ауыратынын жеткізді.

    Фото: Видеодан скрин

    Атырау облысы төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, Еркінқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағалауында “Ақ Жайық” Мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өртенген. Өртті сөндіруге ТЖД және “Ақ Жайық” МТР жалпы саны 46 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды.

    Жергілікті халық өрт салдырынан болған улы түтінге шағымданды.

    “Қараңғы түсуіне байланысты өртті сөндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды.10 қазан күні өрт сөндіру жұмыстары қайта жалғасады. Қызыл жалынның қанша жерді шарпығанын өрті толық жойылған соң комиссия мүшелері анықталады. Елді мекендерге қауіп жоқ”, – деп мәлімдеді ведомство.

    Сондай-ақ 7 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауылынан 43 шақырым және Зинеден ауылынан 56 шақырым жерде Каспий теңізінің жағалауында 5 гектар аумақта тағы да қамыс өртенді. Батпақты жерлер мен жолдың жоқтығы өртті сөндіруге кедергі келтірді. Сондықтан өртті сөндіру жұмыстарына «Қазавиапас» АҚ-ның Ми-8 тікұшағы жұмылдырылды.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →