Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді •

    «Тек сатушылар емес»: «Жаңа адамдар» азаматтық науқан арқылы балаға ішімдік алып беретіндер барын анықтады

    «Тек сатушылар емес»: «Жаңа адамдар» азаматтық науқан арқылы балаға ішімдік алып беретіндер барын анықтады

    Жаңа адамдардың «Заң» азаматтық науқаны кәмелетке толмағандарға ішімдік сатумен күреседі. Әдетте Заң белсенділері қаладағы сауда орындарына рейдтерге шығып, тексеріс сатылымдар жасап, сатушыларды жауапкершілікке тартады. Бірақ бұл жолы Астана көшелерінде әлеуметтік эксперимент жүргізуді жөн көрді. Бұл эксперимент нәтижесі мәселенің тек сатушыларда емес екенін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Астана көшелерінде бала өтіп бара жатырған жүргіншілерден ішімдік сатып алып беруін сұрады. Зерттеу нәтижелері көңіл көншітпеді. Әр үшінші жүргінші баланың өтінішін орындауға келісім берді. Олардың басым бөлігі жақсылық жасап жатырмыз деп, өз айыбын түсінбеді. Өздері тигізіп жатырған зиян туралы ойламай, балаларға ішімдік сатып алып берді. Шын мәнінде, олардың дүкендерде кәмелетке толмағандарға ішімдік сататындардан еш айырмашылығы жоқ.

    Бұл оқиғалардағы шын құқықбұзушы кім? Біз күн сайын түрлі келеңсіздіктердің куәгері ғана емес, кейде сыбайласымыз да болып кетеміз. Әділетті елде өмір сүруге деген ықылас өзімізден, заңға деген құрметімізден басталуы керек.

    Жаңа адамдар жүргізген эксперименттегі айрықша ерекшелік — балаға ішімдіктің орнына жеміс шәйін сатып алып берген адам болды. Ол мұны әке ретінде балалардың, өзінің де, басқаларының да ішімдік ішкенін қаламайтынымен түсіндірді. Мұндай жағдайлар сирек кездеседі, бірақ олар біздің арамызда бәріміз үлгі аларлық адамдар бар екенін көрсетеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →