Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 24 қараша 2026 $ 455,5↓€ 501,1↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады • Толқын Забирова келінін өз қызындай көруге әзір екенін айтты • Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықты әзілге айналдырған шоумен 20 тәулікке қамалды • Фариза Ескермес өз руының шежіресінен есімін таппағанын айтты • «Сылтау жауапқа» тосқауыл: шағымды «доп құсап тебу» енді жазбаша негізделеді • Мемлекеттік Әнұран үш айда телеарналарда 6 472 рет шырқалды • Тоқаев Айбек Сыдықовты Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары етіп тағайындады •

    Айжұлдыз Адайбекова: “Ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды“

    Айжұлдыз Адайбекова: “Ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды“

    Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова тойға қызу дайындалып жатқанын айтты.

    Әнші Жанар Айжанованың қызы бұл туралы Revue news бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

    «Сәкен ұлан-асыр үйлену тойын жасағысы келеді. Менің ұзату тойымда ешқандай блогер, әртістер болмайды. Тек жақындарым мен бауырларымды ғана шақырамын. Тойға дайындық қызу жүріп жатыр. Нақты күні мен айы белгілі болғанда жариялаймыз», – деді ол.

    Айжұлдыз Адайбекова үйленген соң бірге немесе бөлек тұратыны туралы нақты шешім қабылдамағанын жеткізді.

    «Адам толық бақытты болған кезде, неге оны жарияламасқа?! Біз де өзімізді толық бақытты сезінгеннен кейін, жариялауды жөн көрдік. Біздің бірге тұрып жатқанымызды ел талқылап кетті. Екеуміздің ортақ баспанамыз бар. Одан кейін бөлек пәтерлеріміз де бар. Қалаған кезде бөлек және бірге тұра береміз. Жеке кеңістігімізді сақтаймыз. Бір-біріміздің шығармашылық жолымызға кедергі келтірмейміз», – деді блогер.

    Айжұлдыз Адайбекова жақында сүйіктісін анасымен таныстырған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →