Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды •

    1 әйел мен 2 жігіт: Теміртауда иттер адам етімен қоректенген

    1 әйел мен 2 жігіт: Теміртауда иттер адам етімен қоректенген

    Қарағанды облысы Теміртау қаласында иттер адам етімен қоректенген. Пәтердегі үш адамның мәйітін үйдегі иеттер талап жеген. Пәтерден бір әйел мен екі жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Қарағанды облысының полиция департаментінің мәліметінше, ит жеп қойған үш адамның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылмаған.

    «Кешкі Қарағанды» газетінің жазуынша, Теміртау қаласы Уәлиханов көшесінің бойындағы үйде орналасқан пәтерден қаңсылаған иттердің дауысы шыққан. Оның үстіне, уақыт өте келе пәтерден сасық иіс тараған. Көршілердің шақыртуы бойынша оқиға орнына жеткен құтқарушылар сұмдық көрініске тап болған.

    «Құтқарушылар есікті бұзып кіргенде алдарынан питбул иттер үріп шыққан. Кинологтар иттерді ұстап алған соң, полиция ішке кіріп, үш адамның мәйітін тапқан», — деп жазады дереккөз.

    Ал, Қарағанды облысының полиция департаменті үш адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған.

    «Мәйіттерден зорлық-зомбылықтың белгілері табылған жоқ. Олардың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір өлімнің нақты себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», — деп хабарлады облыстық ПД.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →